Алматыда сальмонеллёз жұқтырғандар саны екі есе артты
Алматыда сальмонеллёз асқынып тұр деп хабарлайды 24kz.
Бұл жөнінде қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлімдеді. Жұқпалы ішек ауруы негізінен дұрыс тамақтанбаудан, ерте піскен көкөністен, шикі сүт пен еттен жасалған өнімдерді тұтынудан пайда болады. Негізгі белгілері: адамның басы ауырады, дене қызуы көтеріліп, тамаққа тәбеті тартпайды, жүрегі айнып, лоқсиды. Жыл басынан бері 32 бала ауру жұқтырған. Бұл былтырға қарағанда екі есе көп. «Сальмонеллёзден сақтану үшін гигиеналық тазалықты қатаң сақтап, тағамдардың жарамдылық мерзімін қадағалау керек», - дейді мамандар
Әсел Халықова, қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
- Сальмонеллёз көбіне жаз мезгілінде, азық-түлікті сақтау шарттарының бұзылуынан пайда болады. Науқаспен байланыста болған адамдарды да тексереміз. Ол инфекцияның таралып кетпеуі үшін жасалатын қауіпсіздік амал. Бірақ қаладағы дәмханалар мен қоғамдық орындарда жаппай ауру тіркелген жоқ.