Қарағандылық ферроқорытпа зауытының жұмысшысы көз жұмды

Қарағандының ферроқорытпа зауытындағы оқыс жағдайдан зардап шеккен 8 жұмысшының бірі кеше көз жұмды.

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Еске сала кетсек, 20 шілдеде кәсіпорын пешінен жалын шығып, 8 адамды күйік қалған. Бұған дейін дәрігерлер алтауының халі нашар екенін жеткізген еді. Өкінішке қарай, денесінің 85%-ін күйік шалған 1993 жылғы азаматты ажалдан аман алып қалу мүмкін болмады.

Ферроқорытпа зауытындағы оқиғаға қатысты қазір тексеріс жүріп жатыр. Қылмыстық кодекстің 156-бабының 2-бөлігі бойынша, яғни «Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бабына сай қылмыстық іс қозғалды.