Маңғыстауда тағы бір мұнай компаниясының басшысы ұсталды

Маңғыстауда «Ойл Tранспорт Kорпорейшэн» серіктестігінің бұрынғы басшысы ұсталды деп хабарлайды 24kz.

Компания басшылығы мердігердің 700 млн теңгеден астам шығынын бюджет есебінен өтеген. Сондай-ақ мердігерлерге көрсетілмеген көлік қызметтері үшін 2 млрд 200 млн теңге аударған. Анықталған деректер бойынша бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқыру бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұған дейін «ҚазМұнайГаз» еншілес ұйымынан 11 млн теңге жымқырылғаны анықталған еді. Жалпы прокурорлар тексеру жұмыстарына кіріскелі 19 сотқа дейінгі тергеу басталды. Бюджет қаражатын жымқыру және талан-таражға салу фактілері бойынша 8 адам, оның ішінде «Қазмұнайгаз» еншілес компанияларының 4 лауазымды тұлғасы ұсталды.