Алматыда үлескерлердің ақшасын иемденген алаяқ сотталды
Алматыда үлескерлердің ақшасын иемденген алаяқ істі болды. Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Ведмствоның дерегінше, 2022 жылы Flora City Stroy-дың директоры, арнайы рұқсат қағазынсыз әлеуметтік желілерде қос бірдей тұрғын үй кешенінің құрылысы басталды деп жалған жарнама жасаған. Оған сенген 34 үлескер салым жасады. Алаяқпен алдын ала сатып алу шарттарын жасаған азаматтар 290 млн теңге қаржысынан қағылды. Қазір жұртты алдаған азамат аса ірі мөлшердегі алаяқтық жасады деген айыппен 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Ал, алынған учаскелер жәбірленушілердің залалын өтеу үшін сатылатын болды.