Жезқазғанда терезеден құлаған 4 жасар бала мерт болды

Жезқазғанда бесінші қабаттан құлаған бала ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды 24KZ.

Оқыс оқиға шілденің 24-і болған еді. Сәтбаев қаласында 4 жасар балдырған терезеден түсіп кетіп, ауыр дене жарақаттарын алды. Дәрігерлер оған шұғыл операция жасап, жан-жақты медициналық көмек көрсетті. Өкінішке қарай, оң нәтиже болмады. Бұл балалардың терезеден құлап мертіккен жалғыз жағдайы емес. Бұл ретте құтқарушылар ата-аналарды барынша мұқият болуға шақырады.

Әбіл Оразов, Ұлытау облысы ТЖД бастығының м.а.:

- Жыл басынан облыста балалардың көпқабатты үйлердің терезелерінен құлауының 7 оқиғасы тіркелді. Зардап шеккен балалар әртүрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алған. Соңғы жетінші жағдай бала ауыр жарақат алып, өкінішке қарай, баланы алып қалу мүмкін болмады.