Шымкенттегі индустриялық аймақта өрт шықты
Шымкенттегі «Ордабасы» индустриялық аймағының аумағында өрт шықты.
Қызыл жалын ашық алаңында сақталған күкірт қаптарын шарпыған. Өртті жою үшін Төтенше жағдайлар департаментінің 84 қызметкері және 22 техника жұмылдырылған. Әзірге зардап шеккендер туралы ешқандай ақпарат жоқ. Өртті сөндіру және оның салдарын жою кезінде Шаңырақ шағынауданының тұрғындарын эвакуациялау жөнінде шешім қабылданды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.