Индустриялық аймақтағы өрт: Шымкентте 200 адам эвакуацияланды

Шымкенттегі «Ордабасы» индустриялық аймағындағы өрт әлі оқшауланған жоқ, деп хабарлайды 24KZ.

Өртпен күреске 22 техника жұмылдырылған. Сонымен қатар оқиға орнына өрт сөндіру пойызы аттанды. Қызыл жалын техникалық газдың жануынан пайда болған. Әрі қарай ашық жерде сақталған күкірт қаптарын шарпып, өртке ұласқан. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Химикатты сөндіру және оның салдарын жою кезінде Шаңырақ шағынауданының 200-ге жуық тұрғыны эвакуацияланды.

Нұржан Қаракозев, қалалық ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы:

- 200-ге жуық тұрғынды Шаңырақ елді мекенінен Сайрам елді мекеніне эвакуациялау жұмыстарын жүргіздік. Сонымен қатар қала аумағында Еңбекші ауданында зардап шеккен халықты қабылдайтын 5 пункт дайындыққа келтірілді.