Шымкентте индустриалды аймақтан шыққан өрт сөндірілді
Шымкентте «Ордабасы» индустриалды аймағында шыққан өрт толық сөндірілді.
Тілсіз жау 1200 шаршы метр аумақты шарпыған. Қазір оның шығу себебі анықталып жатыр. Өртпен күреске Түркістан облысының құтқарушылары да көмектесті. 700-ден астам адам, 129 техника және 1 өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды. Кеше өндірістік алаңда техникалық газдың жануынан өрт шығып, ашық жерде сақталған күкірт қаптарын шарпыған. Салдарынан 10 адам медициналық көмекке жүгініп, күйік шалған 2 адам ауруханаға жатқызылды. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, дейді дәрігерлер. Эвакуацияланған Шаңырақ шағын ауданының тұрғындары үйіне орала бастады.
Ердос Ахметов, қалалық ТЖД дағдарыс жағдайлары басқармасының жедел кезекшісі:
- Министрліктің құтқарушылары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, инертті матеориалдарды төсеу және гассыздандыру жұмыстарын жүргізді. Өртті сөндіру жұмыстарына күкірттің тотығуы қиындықтар туындатты. Өрттің ауданы 1200 шаршы метрді құрайды. Өрт толығымен оқшауланып, сөндірілді.