Жамбыл облысында 100 келіден астам марихуана тәркіленді

Жамбыл облысында 100 келіден астам марихуана тасымалдаған екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды 24kz.

Олар есірткіні Ақыртөбе ауылынан Астанаға жеткізбек болған. Күдік тудырған көлікті полицейлер тоқтатқан кезде жолаушылар темір тұлпарға бензин шашып, өртеп жіберген. Ал өздері қаша жөнелген. Бірақ жалын жүк салғыштағы марихуанаға жетпей, күдіктілер сол жерде қолға түсті. Енді олар 10-15 жылға дейін сотталуы мүмкін. Жалпы аймақта жыл басынан бері екі тоннадан аса есірткі тәркіленді.

Бауыржан Жанұзақұлы, облыстық прокуратураның басқарма  басшысы:

- Бюджеттен қазіргі таңда 8,5 миллион теңге бөлінді, 340 гектар ауқымда 302 тонна қарасора қазіргі таңда жойлып отыр. Негізгі басты мақсатымыз – бұл есірткінің таралуына тосқауыл қою. Осы соңғы 2 айда есірткі затын аса ірі мөлшерде сақаған өткізу мақсатында және тасымалдаған 23 қылмыскер ұсталып, олардың қылмыстары әшкереленді.