Жезқазғанда қаржы пирамидасын ұйымдастырған топ 70 млн теңгені иемденіп алды
Жезқазғанда бір топ адам қаржы пирамидасын ұйымдастырып, азаматтардың 70 млн теңгеге жуық қаржысын қолды еткен.
Күдіктілер 9 айдан астам уақыт бойы мета гоу атты қаржы пирамидасын жарнамалап, тұрғындарды инвестиция салуға үгіттеп, мол табыс уәде еткен. Іске қатысты тергеп-тексеру барысында 37 млн теңгенің мүлкі тәркіленді.