Қостанай облысындағы Приречное ауылы карантинге жабылды

Ауылдағы ірі қараның сібір жарасын жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлайды 24kz.

Алайда ауырған малдың саны туралы нақты дерек жоқ. Бұған дейін – бірнеше ай бұрын табиғат қорғау прокуратурасы Қостанай облысының ветеринариялық қызметін тексеріп, бірқатар заңбұзушылықтарды анықтаған еді. Тексеріс барысында малды жалған вакцинациялау, ресми есепте ауырған малды көрсетпеу, вакциналарды қолдану және сақтау тәртібін бұзу сынды деректер тіркелді. Сондай-ақ малды есептеу мен біріздендіру кезінде шынайы мәлімет көрсетілмеген.

Айта кетейік, былтыр сібір жарасы Ақмола, Жамбыл, Түркістан және Қарағанды облыстарында тіркелген еді. Салдарынан бір адам көз жұмған болатын.