Қазақстаннан Еуропаға 60 тоннадан астам балық заңсыз экспортталған
Қазақстаннан Еуропаға құны 200 миллион теңгеден асатын 60 тоннадан астам балық заңсыз экспортталған, деп хабарлайды 24kz.
Қаржылық мониторинг агенттігі анықтағандай, 2021-2022 жылдар аралығында белгілі бір мекеме басшысы заңсыз ауланған көксерке филесін сатып алып, оны Еуроодақ елдеріне экспорттап отырыпты. Ал заңсыз әрекетін іске асыру үшін балықты қолдан өсіруге мүмкіндігі жоқ шаруа қожалығынан тауардың шығу тегі туралы жалған құжат алған. Қазір күдікті сатылған балық өнімінің кедендік құнын мемлекетке қайтаруға міндеттелді. Сондай-ақ оған 1000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.