Мас күйде көлік тізгіндеген жедел жәрдем жүргізушісі куәлігінен айырылды

Мас күйде көлік тізгіндеген жедел жәрдем жүргізушісі 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.

Оқиға Қызылорда облысында Самара – Шымкент тас жолында тіркелді. Құжаттарды тексеру кезінде өзін ұстауы күдікті көрінген соң полицейлер жүргізушіні медициналық тексерістен өткізген. Нәтижесінде оның масаң күйде болғаны анықталды. Айта кетейік, өңірде 6-8 тамыз аралығында “Қауіпсіз жол” акциясы өтіп жатыр. Полицейлер жүргізушілерді мұқият болуға шақырады.