Ақтөбе облысында көлік апатынан алты адам қаза тапты

Ақтөбе облысында тағы жантүршігерлік көлік апаты тіркелді.

Самара - Шымкент тас жолының бойында МАН және Тайота-ипсум маркалы көліктері соқтығысып, салдарынан 6 адам қаза тапты. Барлығы да соңғы аталған темір тұлпар салонында болған. Оның бірі жүргізуші болса, екеуі ересек, ал қалған үшеуі мектеп оқушылары. Жергілікті полиция қызметінің басқарма бастығы Айдос Құлжановтың айтуынша, балалар көрші өңірлердің біріне футболдан өтетін жарысқа бара жатқан. Алдын ала мәлімет бойынша қайтыс болғандардың барлығы Әйтеке би ауданынан жолға шыққан. Қазір осы оқиғаға орай тергеу амалдары жүріп жатыр.

Айдос Құлжанов, ЖПҚ басқармасының бастығы:

- Қазіргі уақытта алдын ала тергеу жұмыстары жүргізілуде. Осы алдын ала мәліметтерге байланысты көлікте балалардың қасында ата-аналары болған және де олар басқа облысқа футболдан өтетін жарысқа бара жатқан. Бәрі Әйтеке би ауданы Қарашатау ауылының балалары.

Жайық Сұлтан, облыстық Білім басқармасының басшысы:

- Бұл балалар жеке қайырымдылық қоры ұйымдастырған футбол турниріне сапарға шыққан. Ескертетін мәселе - ата-аналар балаларды біздің тізімде жоспарға енбеген шараларға қатысудан бас тартуларын сұраймыз.