Елімізде 5 діни радикал ұсталды

Шілде-тамыз айларында Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция және прокуратура көмегімен терроризмге қарсы іс-қимыл шеңберінде 5 азаматты ұстады, деп хабарлайды 24kz.

Арнайы шара Астана қаласында, Алматы және Батыс Қазақстан облыстарында жүргізілді. Тергеу деректері бойынша олар терроризмді насихаттауға, діни алауыздықты қоздыруға және террорлық әрекеттерді ұйымдастыру үшін адам тартуға қатысқан. Тұрғылықты жерлерін тінту кезінде қару-жарақ, оқ-дәрі, діни кітаптар және өзге де айғақ заттар тәркіленді. Күдіктілердің екеуі кісі өлтіру, тонау және бұзақылық үшін бұрын сотталған. Тағы біреуі бұған дейін лаңкестердің шетелдік лагерьлерінде дайындықтан өтіп, қарулы қақтығыстарға қатысқан.