Түркістан облысында адам саудасымен айналысқан күдікті ұсталды
Облыстық прокуратураның үйлестіруімен
Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел-іздестіру шарасын жүргізу барысында «Ш» есімді азамат адам саудасы үшін 400 мың теңге алу барысында қолға түсті. Облыстық прокуратураның басқарма прокуроры Олжас Мариннің мәліметінше, адам саудасымен айналысқан күдікті соңғы 2 жыл бойы мүгедектігі бар екі азаматты қайыршылық жасауға мәжбүрлеп, оларды Шымкент қаласында сату кезінде ұсталып, қамауға алынды.
Олжас Марин, облыстық прокуратураның басқарма прокуроры:
- Сонымен қатар тағы да 10 азаматтың адам саудасымен айналысуға қатыстылығы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Қазіргі таңда адам саудасы фактісі бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде, өзге ақпарат ҚПК 201-бабының талаптарына сай жария етілмейді.