Астанада 25 адамды алдаған алаяқ ұсталды

Елордада әккі алаяқ ұсталды.

Ол мемлекеттік бағдарлама бойынша ипотекалық несие рәсімдеуге көмектесем деп, 25 адамды сан соқтырған. Жәбірленушілер арнайы келісімшартсыз күдіктінің банк картасына ақша аударған. Полицияға 44 жастағы елорда тұрғыны жүгініпті. Күдікті көрсетілмеген қызметі үшін арызданушыдан 2 млн теңге көлемінде қаражат сұраған. Қазір алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Кінәсін мойындаған күдікті алған ақшаны жеке мақсаттарға пайдаланғанын жеткізді.