Алматыда ірі көлемдегі айыппұлды төлеуден қашып жүрген жүргізуші ұсталды
Алматы полициясы ірі көлемдегі, нақтырақ айтқанда, 4 миллион 700 мың теңге айыппұлы бар жүргізушіні ұстап, көлігін айып тұрағына жіберді.
Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Жалпы жыл басынан бері жергілікті полиция қызметінің іздестіру бөлімшелері патрульдік полиция полкі мен мамандандырылған батальон қызметкерлерінің көмегімен 200-ге жуық көлік тоқтатылып, айып тұрағына қойылған. Бұл көліктердің иелерінің жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жалпы сомасы 125 миллион 940 мың теңге көлемінде айыппұлдары бар. Айта кетейік, салынған әкімшілік айыппұлдар бойынша берешегі бар борышкерлерді анықтау үшін автоматтандырылған ақпараттық жүйелер қолданылды. Алматы полициясы әкімшілік айыппұлдарды дер кезінде төлеуге және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.