Рудныйда 7 жастағы балаға топырақ үйіндісі құлады
Рудный қаласында 7 жастағы бала құбыр төсеу үшін қазылған траншеядағы топырақ үйіндісінің астында қалып, көз жұмды, деп хабарлайды 24KZ.
Оқиға кезінде осы маңда мердігерлік ұйымның жұмысшылары болмаған. Баланың денесін Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары алып шықты.
Ерлан Сералин, облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары:
- Осы факті бойынша полиция сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы ережелерді немесе нормативтердің талаптарын бұзғаны үшін қылмыстық іс қозғады. Тексеру жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалады. Оның нәтижелері бойынша тиісті процестік шешім қабылданады. Тергеу барысы Қостанай облысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынды.