Астанада астыртын вейп өндірумен айналысқандар ұсталды
Елордада вейптер мен оларға арналған сұйықтықтарды өндіру және сатумен айналысқан ірі астыртын цехтың ұйымдастырушысы ұсталды.
Қылмыстық топ қолдан жасалған әдіспен жасанды хош иістендіргіштерден тұратын сұйықтықты өндірген. Тінту барысында 5 мыңнан астам дайын вейптар, 235 литр химиялық заттар, сондай-ақ оларды өндіруге арналған құрылғылар анықталды. Айта кетейік, 2024 жылдың 20 маусымында вейптарды сатуға, әкелуге және өндіруге тыйым салатын заңнамалық түзетулер күшіне енген болатын. Көрсетілген кезеңде заңсыз айналымнан шамамен 22 мың электронды құрылғы, сондай-ақ 7 мың хош иістендіргіш, картридж және буландырғыштар тәркіленді.
Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
- Астыртын цехтың өндірістік қуаттылығы ай сайын 7 мыңнан 10 мыңға дейін электронды құрылғыны құрады. Қолдан жасалған барлық өнім республика бойынша вейпшоптарға таратылып отырған. Сот үкімімен аталған азамат сотталды. Вейптардың барлық партиясы мен өндіріс жабдықтары жойылды.