Петропавлда кәріздегі апаттан көшелерді су басты
Петропавлда кәріз коллекторы бітеліп, көшелерді ағын су басты.
Коммуналдық апаттан құдықтар толып, жақын маңдағы көп қабатты үйлердің жертөлесіне дейін жайылды. Қазір оқиға орнында мамандар жұмыс істеп жатыр. Олар құбырға түскен қалдықтарды тазалап, жер астындағы сорғы құрылғыларын қайтадан іске қосты. Естеріңізге салайық, бұл коллектор 1966 жылы салынып, әбден ескірген. Жиі сына берген соң қалада техногендік төтенше жағдай жарияланып, күрделі жөндеуі басталған болатын. Бүгінгі таңда желінің екі шақырымға жуығы ауыстырылды.
Андрей Фомиченко, сумен қамту кәсіпорнының бас инженері:
- Қазір бригада құрылып, жертөлелердегі суды сорып шығару жұмысы басталады. Тұрғындар көмексіз қалмайды. Бірақ ең алдымен коллектордың деңгейін түсіру керек. Сол себепті шыдай тұруға тура келеді.