Ақтөбе облысында жол апатынан бес адам көз жұмды

Ақтөбе облысында жол апатынан 5 адам көз жұмды.  

Қобда ауданының Әлия ауылы маңында жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысқан. Қаза болғандардың барлығы - бір отбасының мүшелері. Жедел жәрдем қызметі жеңіл көліктің жүргізуші мен 4 жасар баланы аудандық ауруханаға жеткізген. Алайда бүлдіршін алған жарақаты салдарынан көз жұмды. Жалпы жыл басынан бері Ақтөбе облысында 435 рет жол апаты болып, 97 адам  мерт болды.  Тамыз айының өзінде 17 жолаушы қаза тауып, 82 адам түрлі жарақат алды.  Полиция көлік қозғалысы көп тас жолдарға бақылауды күшейтті.

Айдос Құлжанов, облыстық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы:

- Полиция департаментімен арнайы сараптама жүргізуіне байланысты сағат таңертең 8-ден 11-ге дейін жол көлігі оқиғасы көп шоғырланған уақыттар және де сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін. Осыған байланысты біздер қазір нарядтардың тығыздығын көбейтіп отырмыз. Бұрын 5-6 наряд болатын болса, қазір 16 нарядқа дейін көбейтілді. Сонымен қатар қазіргі уақытта жүк автокөліктерін арнайы алып жүруді ұйымдастырып жатырмыз осы сағаттарда.