Мемлекет қаржысын қалтаға басқан колледж директоры ұсталды

Қарағанды облысындағы Шет агротехникалық колледжінің директоры мемлекет қаржысын қалтаға баспақ болған, деп хабарлайды 24kz.

Атап айтқанда, 2022 жылы колледж бен жауапкершілігі шектеулі серіктестік арасында қазандық жабдықтарын орнатуға келісім болған. Ал директор сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізу арқылы заңсыз қосымша келісімге қол қойған. Салдарынан орнатылған қазандықтар техникалық талапқа сай келмей, істен шыққан. Қазір тозығы жеткен қазандықтар тұр. Осылайша, жымысқы әрекетімен мемлекетке 16 млн 900 мың теңге шығын келтірді. Шет ауданының прокуратурасы істі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіне жолдады.