ШҚО-да қандастарға үй сатып алуға бөлінген бюджет қаржысы ұрланды
Шығыс Қазақстанда тұрғын үй сатып алуға бөлінген бюджет қаржысы қолды болды, деп хабарлайды 24kz.
Күдіктілер жымысқы ойын жалған келісімшарт жасау және сатушылармен сөз байласу арқылы іске асырған. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады. Күдікке лауазымды тұлғалар ілікті. Олардың Моңғолиядан келген үш отбасын алдағаны белгілі болды. Жалпы сомасы 18 млн теңге тұратын тұрғын үй құнының тек жартысы ғана сатушылардың есепшотына түскен. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.