Тәртіпке бағынбаған ауыр техника жүргізушісі қызметтік көлікті қағып кетті
Астана маңында жүгінің салмағын өлшетуден бас тартып, қашып кетпек болған ауыр техника жүргізушісі бақылау инспекциясының көлігін қағып кетті.
Көлік министрлігінің ресми мәліметіне сәйкес жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Ал ауыр техника айыптұрағына қойылды. Оқиға барысында өзге де жүргізушілер тәртіпке бағынбай, қашуға тырысқан. Мамандар жүк көлігі иелеріне тиісті талаптарды қатаң сақтауға шақырады. Кінәлілер заң алдында әкімшілік жауапқа тартылатынын ескертіп отыр.