Оқушылардың жаппай улануы: ас сынамаларының қорытындысы ертең белгілі болады
Маңғыстау облысындағы мектепте балалардың жаппай улануынан кейін асханадағы астан алынған сынамалардың нәтижесі ертең белгілі болады, деп хабарлайды 24KZ.
Соған сай нақты шаралар қабылданады. Оқиғаны арнайы құрылған топ тергеп жатыр. Оның құрамында облыстық прокуратура, Экономикалық тергеп-тексеру департаменті және Полиция департаментінің өкілдері бар.