Алматы облысында жолаушылар автобусы көпірден құлады
Оқиға Қарасай ауданының аумағында Алматы – Бішкек автожолының 25-ші шақырымында болды, деп хабарлайды 24kz.
«Жүргізуші рөлге ие бола алмай қалып, жол жиегіндегі қоршауға соғылып, кейін көпірден ұшып кеткен. Көпірдің астында кетіп бара жатқан Mercedes Benz Sprinter көлігінің артқы жағына соққан. Mercedes көлігінің ішіндегі алты адам түрлі дәрежедегі жарақат алды. Дәрігерлік тексерістен соң олар үйіне жіберілді. Полицияның мәліметінше, автобус жүргізушісінің денсаулығы сыр бергені анықталды», - деді полиция қызметкерлері.
Елжан Чупеков, Алматы облыстық ПД бастығының орынбасары:
- Автобус жүргізушісінің қанты көтеріліп кеткені анықталды. Ол жедел Қарасай аудандық ауруханасына жеткізілді. Жүргізуші жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Дәрігерлер оның өміріне қауіп төніп тұрмағанын айтты. Автокөліктер арнайы автотұраққа орналастырылып, осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.