Алматыда әскери қызметкер қаза тапты
Алматыда 44 жастағы әскери қызметкер көз жұмды, деп хабарлайды 24kz.
Қайғылы жағдай Құрлық әскерлері әскери институтының инженерлік қалашығының аумағында болды.
«Алдын ала болжам бойынша сержант өз-өзіне қол салған. Ол келісімшарт бойынша әскери қызмет етіп жүрген. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралары басталды. Марқұмның туыстарына барлық қажетті көмек көрсетіледі», - деп хабарлайды Құрлық әскерлері Әскери институтының баспасөз қызметі.