Түркістан облысында есірткі айналымына қатысты 541 дерек анықталды

Елімізде есірткі саудасы қызып тұр, деп хабарлайды 24kz.

Биыл 7 айда есірткі саудасына қатысты 5 мыңнан астам қылмыс тіркеліп, 20 тоннадай синтетикалық есірткі тәркіленген. Бұл жөнінде Түркістанда нашақорлыққа қарсы ұйымдастырылған форумда айтылды.

«Есірткі бағасының қолжетімдігі, интернет арқылы сатып алу мүмкіндігі, жасөспірімдердің ата-ана бақылауынсыз қалуы – бұл індеттің тез таралуына жол ашып отыр», - дейді полицейлер. Соңғы 8 айда Түркістан облысының өзінде есірткінің заңсыз айналымына қатысты 541 дерек анықталған. Облыста 300 келіге жуық есірткі тәркіленді.

Айдар Сайтбеков, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

- Мемлекетіміздің қауыпсіздігі тек заң органдарын ғана емес, сіздер сияқты белсенді жастарға да тікелей байланысты. Сіздер, еріктілер, жастар ретінде қоғамның ең алдыңғы шебінде жүрсіздер. Әрбір адамға қолдау көрсетіп, дұрыс жол сілтейсіздер. Жастардың таңдауы біздің болашағымыздың кепілі. Сондықтан сіздердің күштеріңіз, ниеттеріңіз, жүректеріңіз осы күресте шешуші рөл атқарады деп біз сенеміз