Жамбыл облысында шахта опырылып, жұмысшы үйінді астында қалып қойды

Жамбыл облысында шахта опырылып, жұмысшы үйінді астында қалып қойды

Жамбыл облысында алтын өндіретін «Ақбақай» кен орнында тау жынысы опырылып, бір жұмысшы үйінді астында қалып қойды, деп хабарлайды 24kz.

Әзірге оның жағдайы белгісіз. Себебі оқыс оқиға 640 метр тереңдікте болған. Кеніш «Алтын Алмас» тау-кен байыту комбинатына тиесілі. Топырақ аралас тастардың құлағаны туралы хабарлама диспетчерге кеше сағат 16:45-те түскен. Содан бері үйіндіні аршу жұмыстары жүріп жатыр. Апат себебі белгісіз. Қазір оқиға орнында авариялық-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар компания тарапы ішкі тергеу жұмысы басталғанын хабарлады.