Алматыда тағы бір оқушы биіктен секіріп, көз жұмды

24kz

Алматыда тағы бір оқушы көз жұмды.

12 жастағы қыз 13-қабаттан секіріп кеткен. Бостандық ауданы полиция басқармасы жеткіншек хат жазып қалдырғаны және қауіпті онлайн ойындар ойнағаны туралы қауесетті жоққа шығарды. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жай-жапсары анықталып жатыр.