Маңғыстауда жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл жасалды
Маңғыстау облысында масаң күйде болған ер адам дәрігерлерге шабуыл жасап, полиция қызметкерін жарақаттады.
Облыстық полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, Бейнеу ауданында әйел адам жедел жәрдемге хабарласып, танысы ұрғанын, сол сәтте өзінің қансырап жатқанын хабарлаған. Ол мұнымен қоймай, жедел жәрдем келген бойда арнайы көліктің терезесін сындырып, ақ халаттыларға шабуыл жасады. Артынша жеткен полицейдің денесіне де зақым келтірді. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды. Құқық бұзушы уақытша қамау изоляторына тоғытылды.