Ұлытауда заңсыз марганец өндірген адам ұсталды

Ұлытау облысының тұрғыны марганец рудасын заңсыз өндірумен айналысқан, деп хабарлайды 24kz.

Қылмыс «Қазақстан Ғарыш Сапары» аэроғарыштық суреттерінің көмегімен анықталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. 16 мың тонна кен заңсыз өндірілген. Жалпы сомасы 3 млрд теңгеден асады. Күдіктінің ісі сотқа жолданып, 337 млн теңгенің мүлкі тәркіленді.

Әлібек Әбділов, ҚР ҚМА ресми өкілі:

- Аталған азамат 2020-2023 жылдар аралығында ешқандай рұқсат құжаттарынсыз Ұлытау облысындағы «Восточный карьерінен» марганец рудасын заңсыз өндірумен айналысқан. Жер қойнауын өз бетінше пайдалану фактілерін тергеп-тексеру барысында карьер орналасқан жер учаскесін пайдалану жөніндегі уәкілетті органдардан берілмегені, сондай-ақ жоғарыда аталған азаматтың тиісті тіркеуі жоқ екені анықталды.