Астанада дәмханада газ баллоны жарылып, алты адам зардап шекті
Астанада тамақтану орнында газ баллоны жарылып, 6 адам жапа шекті, деп хабарлайды 24kz.
Қазір олар дәрігерлердің бақылауында. Оқиға орнынан құтқарушылар тағы төрт баллонды тауып, қауіпсіз жерге шығарды. Сондай-ақ төтенше жағдайлар қызметкерлері өртті сөндіріп, қираған нысанды бұзу жұмыстарын жүргізуде. Жарылыс 60 шаршы метр жерді қамтыған.