Еліміздің үш өңірінде тұрғындардан ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды

Шымкентте жергілікті тұрғыннан 1 миллион теңге бопсалаған екі қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды 24kz.

Олар жәбірленушіге қысым көрсетіп, ақпарат таратамыз деп қорқытқан. Ал Ақтөбеде қала тұрғынынан 1 миллион теңге мен Subaru автокөлігін алу кезінде қылмыстық топ қолға түсті. Сондай-ақ Орал қаласында өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде көрсеткен топ ұсталды. Олар жоғары оқу орнында оқитын студенттен 500 мың теңге талап етіп, зорлық-зомбылық көрсеткен. Бұл туралы Ішкі істер министрілігінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті мәлімдеді. Басқарма бастығы Қуандық Алпыстың айтуынша, күдіктілер қамауға алынған. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.