Тілсіз жау екі өңірді аяғынан тік тұрғызды

Баянауылда далада өрт шығып, ауыл тұрғындары қауіпсіз аумаққа көшірілді.

Эвакуацияланған 18 адамның 8-і бала. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Ал Желтау ауылы мен Бәйнеке қыстағынан 9 бала, 5 әйел адам Жұмат Шанин ауылына көшіріліп, туыстарының үйіне орналасқан. Мамандардың мәліметі бойынша тілсіз жау Қарағанды облысы Қарақаралы ауданы Қоянды ауылының маңында шабындықтың жануынан басталған. Өрт сөндіру кезінде Төтенше жағдай департаментінің екі қызметкері мен өрт сөндіруге көмектескен бір еріктіні күйік шалған. Оларға медициналық көмек көрсетілді. Ал қарағандылық тағы бір тұрғын ауруханаға жеткізілді. Тілсіз жаумен күреске Қарағанды және Павлодар облысынан 4 тікұшақ, 183 адам, 56 техника жұмылды. Өрттің жану аймағы 3000 гектардан асқан.