Әлеуметтік желіде құмар ойын ұйымдастырушылар анықталды

Онлайн қосымша арқылы бәс тігу ойындарын ұйымдастырған топ анықталды.

Олар өздерінің заңсыз әрекетін Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Жетісу облыстарында отырып жүзеге асырған. Тінту барысында кеңселерінен ондаған ноутбук, компьютер, ұялы телефон мен ақша, есірткі, тіпті оқ-дәрілер табылды. Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, ойын бизнесін ұйымдастырушылар 100 мың теңгеге дейін қабылдап, 55 млн теңдеден астам қаржыны өз шоттарына аудартқан. Бұл құмар ойындарды 4 мыңнан адам ойнаған. Қатысушылардан төлем қабылдаумен айналысқан телеграм арна бұғатталды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Әлібек Әбділов, ҚР ҚМА ресми өкілі:

- Құмар ойындарға қатысу үшін сайтта баланс толтыру мүмкіндігі бар және қатысушыларды тарту үшін 20 операторы жұмыс істейтін Call-орталығы бар телеграм-арнаға сілтеме жарияланған. Ұтыс ставкалары мен төлемдері қатысушылардың карт-шоттары арқылы жүзеге асырылды. Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін зиянкестер айналымның 10% алып отырған. ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Агенттік жыл басынан бері 19 жасырын немесе онлайн казиноның жұмысын тоқтатты. TikTok және Instagram желілерінде ойын ойнатқан 11 онлайн трансляция доғарылды.