Рудныйда 4 адам қаза тапты
Қостанай облысында 4 жұмысшы ұн сақтайтын бункерден шыға алмай, қайтыс болды.
Оқыс оқиға Рудный қаласындағы ұн тарту кәсіпорнында болған. Қызметкерлер тереңдігі 5 метр болатын кеңістікті тазалаймыз деп кейін шықпай қалған. Қайтыс болғандардың денесін құтқарушылар алып шықты. Бұл жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды.