Алматыда жалған доллар өткізбек болғандар сотталды
Алматыда ірі көлемдегі жалған 100 долларлық купюраларды өткізбек болған екі күдікті сотталды, деп хабарлайды 24kz.
Оларға 5 жылдан 5,5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады. Қос азамат криптовалютаны сатамыз деген сылтаумен жалпы сомасы 32 700 АҚШ долларын құрайтын жалған ақшаны бірнеше рет сатқан болып шықты.
Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
- Агенттікпен жыл басынан бері Қазақстан аумағында айналымнан 1060 жалған банкнот тәркіленді, оның ішінде ұлттық валютада 647 100 теңге сомасына 141 купюра, 90 400 АҚШ долларына 905 купюра, 2000 еуроға 4 купюра, 1000 юань сомасына 10 купюра анықталды. Тәркіленген жалған банкноттардың жалпы құны 43 млн теңгеден асады. ҚМА валюта айырбастау кезінде қырағылық таныту керектігін ескертеді.