Ақтөбеде өртенген қамысты сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр

Ақтөбеде өртенген қамысты сөндіру жалғасып жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Сазды көлінің жағалауындағы Лесное кентінің маңында тұтанған жалынмен күреске 50 адам мен 23 техника жұмылдырылды. Өрт екі гектар аумақты шарпыған. Будақтаған түтін қаланың кез келген шетінен анық көрінеді. Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Айбат Жаңабергеновтың айтуынша, зардап шеккендер жоқ. Қызыл жалынды шұғыл сөндіруге екпінді жел кедергі келтіріп тұр.

Айбат Жаңабергенов, ТЖД бастығының орынбасары:

- Қазір ауа райы да бізге себеп болып отыр, мына қатты желдің екпіні себепкер болып отыр өрттің өршуіне. Соған байланысты біздер осы мына қала аумағына жол бермеу мақсатында қазір осы Сазды аумағын алды жағын қалаға өтпей жатып тоқтаттық, өртті шектедік. Енді қалған осы Сазды жаңағы өзен аумағындағы бізде басқа да тұрғын үйлер бар. Соларға қауіп төндірмеу мақсатында сол жерге күш-құралдар жұмылдырылып жатыр.