Ұлытауда жүк пойыздары соқтығысып, төрт адам жараланды

Ұлытау облысында жүк пойыздары соқтығысып, 4 адам зардап шеккен.

Олар ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Қазақстан темір жолы баспасөз қызметі хабарлады. Хабарға қарағанда тепловоз бен 5 вагон аударылып қалған. Оқиға кеше кешкісін Жезқазған қаласынан 65 шақырым қашықтықта орналасқан Сарысу разъезінің маңында болған. Жүк пойыздары соқтығысқан теміржол «Қазақмыс» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарайды. Қазіргі уақытта жолда қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.