Ақтөбе облысында өрт кезінде 21 адам құтқарылды
Ақтөбе облысында өрт кезінде 21 адам эвакуацияланды. Төтенше жағдайлар министрлігінің ақапаратына сай көпқабатты тұрғын үйдің 2-ші және 3-ші қабатында электр қалқанында сымдар жанып, үйге түтін жайылған.
Құтқарушылар тұрғындарды баспалдақ көмегімен алып шыққан кадрлар ведомствоның Telegram арнасында жарияланды. Құтқарылған 21 адамның екеуі – бала. Зардап шеккендер жоқ.