Қарағанды өрт сөндірушілері жарылыстың алдын алды
Қарағандыда өрт сөндірушілер жанармай құю бекетінде жарылыстың алдын алды, деп хабарлайды 24KZ. Қазыбек би ауданында жанармай құю бекетіне жапсарлас салынған үй-жайда өрт шыққан.
Онда көлік дөңгелектері, жиһаздар мен құрылыс материалдарыны жанған. Қызыл жалын 30 шаршы метр жерге таралған. Төтенше жағдайлар министрлігі күшімен өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Жағдайдың себебі анықталып жатыр.