Елордалық өрт сөндірушілер 11 газ баллонының жарылуына жол бермеді

Астананың Байқоңыр ауданында газ баллондары тиелген жүк көлігі өртенді, деп хабарлайды 24kz.

Оқиға орнына дереу жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары бірнеше минут бойы оқпанмен су шашып, баллондарды салқындату арқылы қызыл жалынды толық өшірді. Осылайша, өрт сөндірушілер 11 газ баллонының жарылуына жол бермеді. Сол арқылы 8 көлік пен маңайдағы тұрғын үйлерді тілсіз жаудан қорғап қалды. Алайда жақын жерде тұрған 3 көлік зақымдалды. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.