Оралдағы Зашаған кентінде қорадағы қойларды жыртқыш талап кетті
Оралдағы Зашаған кентінде жыртқыш қойларды талап кеткен, деп хабарлайды 24kz.
72 жастағы Есенгелді Айтмұқамбетов түнгі төртте тарсыл-гүрсілден оянып, аулаға шыққанда 100 қойдың сұлап жатқанын көрген. 15 саулық пышаққа ілінген, 85-і арам өлген. Кеше ветеринарлар қойлардың өлімтігін көміп тастады. Кент әкімдігі: «Қойға шапқан қасқыр», дейді ал тұрғындар көкжалдар шаһардың шетіне дейін келді дегенге күмәнмен қарайды. Су тасқынынан кейін мыңдаған саяжай иесіз қалып, бұралқы иттердің тым көбейіп кеткенін айтады.
Есенгелді Айтмұқамбетов, Зашаған кентінің тұрғыны:
- Тамақтарын жұлып, өңешін жұлып, бауыздап кеткен, тапалған. 150 қойдан, міне, 50 қой қалды. Міне, иттер қараусыз, қара! Қаңғыбас иттер көп. Атпайды. Жан-жақтан, әне жатыр, міне, бара жатыр. Қара, қара!
Нұрболат Мұхитов, Зашаған кенті әкімінің орынбасары:
- Бірінші иттен күдіктеніп едік. Иттен болмады. Қасқырдың ізіне шейін жатыр, топардай болып. Бір қасқыр ма, екі-үш қасқыр ма, белгісіз. Бірақ сол үлкен кісінің 150 бастың 85 бас қой өлі. Іздері деген иттің ізінен бөлек, үлкендеу ізі. Анықтап қарағанда бәрінің кеңірдегінен басқа жерден жарақат алмаған, тек қана кеңірдектен алған.