Алматыда есірткі жарнамасы жазылған парақша таратқандар ұсталды
Алматыда есірткі жарнамасы бар парақша таратқандар ұсталды.
Қос күдікті "жалақы көлемі 50 мың рубльден басталады және еркін жұмыс кестесі ұсынылады" деген хабарландыруды әр жерге жабыстырып жүргенде қолға түсті. 300-ден астам парақшада арнайы QR-код бейнеленген. Оған өткен кезде есірткі құралдарын сату жөніндегі "Телеграм" арнасының сілтемесі шыққан. Бұл туралы еліміздің Бас Прокуратурасы хабарлады. Қазір сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары басталды. Күдіктілердің кінәсі расталса, Қылмыстық кодекстің 299-бабының 1-тармағы бойынша 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.