Түркістан облысында экстремистік ұйымның тобы жойылды
Түркістан облысында экстремистік ұйымның мүшелері ұсталды, деп хабарлайды 24kz.
Олар шетелдік радикалды уағызшылардың дәрістерін интернет ресурстар арқылы таратқан. Қазір «Хизб-ут-Тахрир» деп аталатын қозғалысқа қатысы бар деген күдікке ілінген 10 азаматқа сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Топ басшысы бұрын да тыйым салынған діни-экстремистік бірлестіктің қызметіне қатысқаны үшін сотталғаны белгілі болды. Күдіктілердің үйінен теріс діни әдебиеттер мен басқа да заттай айғақтар табылды.