Талғарда Хасан Қасымбаев қамауға алынды
Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі талғарлық Хасан Қасымбаевтың қамауға алынғанын растады, деп хабарлайды 24kz.
Оған «2021 жылы А есімді азаматтың денсаулығына ауыр зақым келтіріп, оны ұрлап кетті», деген айып тағылды. Күдікті уақытша қамап ұстау абақтысына жабылды. Істің жан-жақты және объективті қаралуы үшін қазір кешенді тергеу жүргізіліп жатыр. Материалдар сотқа жолданды. «Тергеу-тексеру барысы облыстық Полиция департаменті басшылығының жіті бақылауында», - деді департаменттің ресми өкілі Меруерт Морякова.