Шымкентте есірткі жарнамалаған Telegram каналдары бұғатталды

Шымкентте есірткі заттарын жарнамалаған Telegram арналары бұғатталды.

Бұл туралы қалалық прокуратура хабарлады. Мамандар әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіп, еліткіш заттарды насихаттау, жарнамалау және сатумен айналысатын платформаларды анықтап жатыр. «Кибербақылау» жүйесі арқылы 18 Telegram-каналдың қызметі тоқтатылды. «Тиісті жұмыстар жалғасып жатыр», - делінген хабарламада.