Алматыда жер сілкінді

Алматыдан шығысқа қарай 33 шақырым қашықта жер сілкінді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмологиялық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы хабарлады. Тербеліс Астана уақытымен сағат 10:00-де тіркелген.

Ресми ақпарат бойынша жер сілкінісінің күші Алматыда 3 балл, ал Талғар, Есік қалаларында 4 балл болған. Қала тұрғындары әлеуметтік желілерде тербелісті сезгенін жазып жатыр.